Қостанайда қар мүсіндер байқауы өтуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облыстық Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты мекемелерде қар мүсіндер байқауы өтіп жатыр.

Қыс, күннің суығына қарамастан жыл мезгілдерінің ең бір әдемі кездерінің бірі. Қостанай облысының Қылмыстық атқару жүйесінің мекемелері жылда осы уақытта дәстүрлі түрде қар мүсіндерінің байқауын өткізеді.

Аталмыш дәстүр биыл да жалғасын тапты. Байқаудың бірінші кезеңі 2019 жылдың 9-25 аралығында өтті.

Екіншісі 2020 жылдың 1-22 қаңтары аралығында өтеді.

Шығармашылық байқауға барлық қажеттіліктерімен қамтамасыз етілген бас бостандығынан айырылған азаматтар қатысты. Олардың қардан жасаған мүсіндері негізінен Аяз ата, Ақшақар мен 2020 жылдың иесі -тышқан болды.

Енді байқауға қатысушылар байқаудың екінші кезеңінен өтуі керек. Осы кезеңде байқаудың жеңімпазы да анықталады.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы