Қостанайда ақжаулықты әжелер бауырсақ пісіруден жарысты
Астана, BAQ.KZ. Қостанайдың орталық алаңында ақжаулықты әжелер бауырсақ пісіруден сайысқа түсіп жатыр. Бұл туралы 24kz сайты хабарлайды.
Бауырсақ пісіруге әркім әртүрлі әдіс тәсіл сайлап келеді. Қазанда қайнап жатқан бауырсақтар бір-бірінен ерекшеленеді.
Жалпы мұндағы бауырсақтар өзінің алуан түрлілігімен таңқалдырады. Қатысушылар ши, ақ, шәй, тұш деген бауырсақтардың 8 түрін пісіріп жатыр. Барлығының дәмі тіл үйіреді. Мұндағы бауырсақтар рецептері бойынша өзіндік пішінімен, иленген нанымен ерекшеленеді. Қамырын ашытып, ашытпай да, сүт, айран қосып пісіре береді. Бір сөзбен әр аспаздың өз құпиясы бар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Наурыз шуағы. Ақтөбе
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы