Қостанайда 3 тамыздан бастап шектеу шаралары енгізіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Архимед Мұхамбетовтың төрағалығымен коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штаб отырысы өтті. 

Жалпы, облыс аумағындағы эпидемиологиялық жағдай біртіндеп тұрақтанып келе жатқанын атап өткім келеді, - деді Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов.
Сонымен қатар, республика президенті Қ. Тоқаевтың шешіміне сәйкес, штаб карантиндік шараларды 2 аптаға ұзарту туралы шешім қабылдады.


Мәселен, 2020 жылғы 3 тамыз сағат 00:00-ден бастап, 17 тамыз сағат 00:00-ге дейін облыс аумағында қолданыстағы шектеу шаралары енгізіледі:

- Тұрғындарға қажет болған жағдайда 3 адамнан аспайтын топтармен немесе әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, бір отбасы мүшелерінен жүруге рұқсат;
- Ойын, ойын-сауық қызметінің барлық түрлеріне, ойын-сауық және бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салу;
- Көшеде қоғамдық орындарда медициналық бетперде кию міндетті болып табылады (жеке тұлғаларға салынатын айыппұл сомасы 83 мың теңгеден 4,4 млн теңгеге дейін кәсіпкерлік субъектілеріне);
- Азық-түлік дүкендеріне барған кезде келуші мен қызметкер арасындағы кемінде 2 метр қашықтық сақталады және әлеуметтік қашықтық мүмкіндігі есебінен жалпы сыйымдылықтан 30%-ға келушілердің сауда базарларын толтыруы;
  - Жұмыстар мен қызметтерді көрсету орындарына бару алдын ала жазылу бойынша жүзеге асырылады;
  - Қоғамдық тамақтану пункттері мен қызмет көрсету саласындағы объектілерде үстелдер мен жұмыс орындары бір-бірінен кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып орналастырылады;
- Бұқаралық және ойын-сауық іс-шараларын өткізу, сондай-ақ 65 жастан асқан адамдарды жүруге тыйым салынады;
-Санитариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізілетін объектілерде жеке қорғаныш құралдары мен антисептиктерді пайдалану, байланыссыз термометрия құралдарын пайдалану, адамдарды әлеуметтік дистанциялау, үй-жайларды желдету және дезинфекциялау жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, демалыс күндері – 1-2 тамыз, 8-9 және 15-16 тамыз күндері санитарлық режимді қосымша шектеуді көздейтін локдаун режимі белгіленеді.

Бұл шаралар енгізілген шектеу шараларының оң әсерін одан әрі бекіту мақсатында, сондай-ақ эпидемиологиялық жағдайдың ықтимал асқынуын ескере отырып қабылданады, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы