Қостанай облысында сақшылар 400 келіден астам есірткіні өртеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Рудный қаласының полицейлері "Соколов-Сарыбай кен байыту комбинатының" кен қорыту пешіне 395 келі кептірілген марихуана мен 14 келіден астам гашишті өртеді. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, соңғы үш жыл ішінде мұншалықты ірі көлемдегі есірткі заттары бірінші рет тәркіленіп отыр.
Есірткі 28 шілде күні Бегежан ауылының 49 жастағы тұрғынынан тәркіленген. Күдікті 21 қап марихуана мен 2 пакет гашишті Рудный қаласында өзі жалға алған гаражда сақтаған. Қазір ұсталған азаматқа ҚР ҚК 297 бабы бойынша айып тағылып, тергеу жүріп жатыр. Қылмысы дәлелденсе, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қылмыстық іс барысында арнай сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр. Тәркіленген есірткі заттары 30 млн теңге шамасында болады, - делінген полиция ақпаратында.
Рудный қалалық Полиция басқармасы бастығының орынбасары Ербол Кәкеновтың айтуынша, аса ірі көлемдегі есірткі заттарын сақтауға заң бойынша рұқсат етілмейді. Оның қылмыскерге сот үкімі шықпай жатып жойылуының себебі де осы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жезқазғанның бұрынғы әкімі енді Теміртауды басқарады
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы