Қостанай облысында праймеризге 800 үміткер тіркелген

Қостанай облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қостанай облысында праймеризге 800 үміткер қатысып жатыр. Жалпы ақпараттық жүйеде тіркелген 44 мыңнан астам партия мүшесінің қазірге дейін 28 мыңы дауыс беріп үлгерген.
 

Бүгін қағаз бюллетеньдер арқылы дауыс беруге арналған учаскелер ашылды. Аталған орындарында түскі сағат 13.00-ге дейін облыс бойынша төрт мыңға жуық партия мүшесі дауыс берді. Сонымен қатар, учаскелер ішінде интернетке қосылған компьютерлер қойылған.


Облыстағы 156 орынның 109-ында дауыс беру онлайн режимде, басқасында қағаз бюллетеньдер арқылы жүргізілуде.

Партияішілік іріктеудің соңғы кезеңінде мүдделестеріміздің белсенділігі байқалады. Қостанайлықтар үшін бұл саяси қадам облыстың қоғамдық-саяси өміріне араласудың тамаша мүмкіндігі. Кандидаттардың пікірталасы барлық жерде сәтті өтті. Тұрғындардан ұсыныстар жианлды, олар кейінірек сайлауалды бағдарламаларымызға кіргізіледі, - дейді «Nur Otan» партиясы Қостанай облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Эльдар Күзенбаев.

Қостанай қалалық орталық дауыс беру учаскесінде таңнан бері жүзге тарта партия мүшесі дауыс берді. Солардың қатарында Жастар саясаты мәселелері жөніндері басқарма басшысы Марат Жұрқабаев та болды.


Бұл партиялық іріктеудің ерекшелігі – әділдік пен ашықтыққа негізделуі. Үміткерлерді таңдауда шектеу қойылмайды. Өзім қалаған кандидаттарға дауыс бердім, - деді Марат Жұрқабаев.

Партия басшылығы веб-сайт пен мобильді қосымша арқылы дауыс беру мерзімін тағы бір күнге, яғни, 4 қазан сағат 14.00-ге дейін ұзартып отыр.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы