Қостанай облысында етке қатысты тегін анықтама ақылы түрде берілген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қостанай облысында ақылы түрде 900-ге жуық анықтама берілген. 

Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде апта сайынғы брифинг барысында еліміздің ветеренария саласындағы парақорлық фактілері туралы баяндалды.
 
«Қылмыстық практика осы салада тіркелген сыбайлас жемқорлық қылмыстарының 1,5 есеге яғни 92-ден (2018 жыл 8 ай) 139-ға дейін (2019 ж. 8 айы) өскенін көрсетуде. Аталған қылмыстық істер бойынша 71 адам күдікті деп танылды (2018 ж. - 56). Оның 100-і (82) сотқа жолданып, 33 адам сотталды. Мұнда негізінен рұқсат беру құжаттарын беру және азық-түліктің сапасын тексеру кезінде ұрлау, парақорлық және лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану басым», – деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің баспасөз алаңында 1-ші департаментінің аға тергеушісі Данияр Бигайдаров.

Спикердің айтуынша, Қостанай облысында жарты жыл ішінде 269 мың теңге сомасына 900-ге жуық анықтама берілген. Заң жүзінде бұл анықтамалар тегін берілуі тиіс болған.

«Адалдық алаңы» жобасы аясында қоғам өкілдерімен бірлесіп, республика бойынша сауда нүктелеріне апта сайын мониторинг жүргізудеміз, нәтижесінде түрлі заң бұзушылықтар анықталып, барлық құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Мысалы, ШҚО-да ветеринарлық-санитарлық анықтамасыз ірі қара мал мен балық еті сатылса, ал Қарағандыда – тиісті рұқсат құжатсыз ірі қара малын тасымалдаған. Осындай фактілер Маңғыстау, Қызылорда, Алматы және Павлодар облыстарында орын алған. Аталған мемлекеттік қызметтің тегін көрсетілуіне қарамастан, ақылы негізде анықтама беру фактілері де анықталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің араласуынан кейін ғана Қостанай облысының Қарабалық ауданында мұндай фактінің жолы кесілді. Онда жарты жыл ішінде 269 мың теңге сомасына 900-ге жуық анықтама берілді. Осы бағыттағы жұмыс қоғамның белсенді және бей-жайсыз өкілдерімен бірге жалғасуда», - деді ведомство өкілі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы