Қостанай облысында аудан әкімінің орынбасарына пара алды деген күдік тағылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қостанай облысы Федоров ауданы әкімі орынбасарының парақорлық фактісінің жолы кесілді. Бұл туралы бүгін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен брифинг барысында ведомствоның Қоғаммен байланыс жөніндегі департамент директоры Арман Бердалин мәлімдеді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қостанай облысы бойынша департаментімен облыстың Федоров ауданы әкімінің орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ол ауданның автожолдарын ұстау және қызмет көрсету шарты бойынша орындалған жұмыс актісіне қол қою және төлем жасау үшін ЖШС өкілінен 150 мың теңге сомасындағы пара алуда күдікті деп танылуда. Кінәсін толық мойындауына байланысты процестік ұстау қолданылған жоқ. Күдікті сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізуді өткізу туралы мәлімдеді. Тергеу жалғасуда», - деді ол.

Сонымен қатар, Арман Бердалиннің айтуынша, «Алматыжоллаборатория» республикалық мемлекеттік мекемесі басшысының парақорлық фактісінің жолы кесілгенін айтты.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Алматы облысы бойынша департаментімен «Алматыжоллаборатория» республикалық мемлекеттік мекемесі басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ол ЖШС директорынан іске асырылып жатқан кәсіпкерлік қызметіне жалпы қамқорлығы үшін жалпы сомасы 2 млн теңге пара алуда күдікті деп танылуда. Кінәсін толық мойындауына байланысты күдіктіге қатысты кепіл түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды», - деді ол.

Тергеу жалғасуда.

«Ұқсас қылмыстар «Қазавтожол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы филиалының және Павлодар облысы бойынша «Павлодаржоллаборатория» республикалық мемлекеттік мекемесі лауазымды тұлғаларына қатысты анықталды. Қазіргі таңда іс сотта қаралуда», - деп қосты департамент директоры.

Осыған дейін «Қазақстан темір жолы» АҚ қызметкерлерінің жемқорлықпен ұсталғаны туралы, сондай-ақ пара алды деген күдікке Нұр-Сұлтандық аудан әкімдігінің шенеунігі, «Қапшағай тұрғын-үй» ЖШС директорыҚостанай облысында аудан әкімінің орынбасары да ілінгені туралы ақпарат бергенбіз.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы