Қостанай облысында 4 адам індет жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облысында COVID-19 ауруының 4 жағдайы тіркелді (26.05.2020 жылғы мәліметі бойынша).
Індет жұқтырып алғандардың үшеуі әйел және бір ер адам. Пациенттердің жасы 23-тен 83-ке дейін. Жітіқара, Қостанай қалаларының және Қарабалық ауданның тұрғындары. Барлығы бұрын ауырып қалған пациенттермен жақын байланыста болған. ПТР диагностикалық зерттеудің нәтижелері бойынша аталған адамдарда COVID-19 нақтыланды, облыстың жұқпалы аурулар стационарларына жатқызылды, - делінген хабарламада.
Науқастармен байланысқан адамдар анықталуда, медициналық бақылауға алынып жатыр.
Аурудың ошақтарында зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасады. 26.05.2020 жылғы мәлімет бойынша облыста COVID-19 инфекциясы 131 адамда анықталды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Исландияда жанартау атқылады
Өзгелердің жаңалығы