Қостанай облысында 4,5 млрд-тан астам қаржылық бұзушылық анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Есеп комитетінің мүшесі Әділғазы Бергенев Қостанай облысында 4 миллиард 534 миллион 200 мың теңгенің қаржылық бұзушылығы анықталғанын мәлімдеді.
6 миллиард 996 миллион 900 мың теңге көлемінде қаржы тиімді жоспарланбаған, ал 8 миллиард 822 миллион 200 мың теңге бюджет қаражаты дұрыс тиімді пайдаланылмаған. Сондай-ақ, 2 миллиард 492 миллион 600 мың теңге көлемінде бухгалтерлік есеп заңнамасы бұзылған.Тікелей бюджет шығыны 22 миллион 400 мың теңгені құрап отыр және 182 іс жүргізу бұзушылығы тіркелді. Анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің пайда болуының негізгі себептері мен шарттары бюджеттік заңнама және құрылыс қызметі саласындағы заңнаманың сәйкес келмеуі, мемлекеттік сатып алу және өзге де заңнамалар бойынша болып отыр, - деді Әділғазы Бергенев.
Мемлекеттік аудиттің кейбір материалдарын құқық қорғау органдарына жіберу жоспарлануда. Қостанай облысында республикалық бюджеттің пайдаланылуына жүргізілген мемлекеттік аудиттің нәтижелері бойынша 11 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Есеп комитеті аймақтағы тексеру нәтижелері бойынша ұсыныстар жасады. Облыс әкімінің орынбасары 11 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын айтты. Сонымен қатар біз 38 материалды уәкілетті органдарға әкімшілік іс қозғау үшін жібердік. Қаржы министрлігінің ішкі мемлекеттік аудит комитеті қарап, сосын материалдарды сотқа ұсынады, - деді мемлекеттік басқару және әлеуметтік сала бойынша аудит бөлімінің бастығы, мемлекеттік аудитор Ақылбай Ибраев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы