Қостанай облысында 20 мыңға жуық партия мүшесі праймеризде өз таңдауын жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облысының Nur Otan партиясы мүшелері праймеризде онлайн режимде белсенді түрде дауыс беруде. 

Өңірде 1 қазаннан бастап бастап өз таңдауларын жасауға кіріскен қостанайлықтар кадрлық резервтің мықты азаматтармен толығуына мүдделі. Қазірде өз таңдауын 19 276 адам жасаған. 

Праймеризге облыстың барлық аудан-қалаларынан 800 адам қатысып жатыр. Оның ішінде бастауыш партия ұйымдарынан – 222 (19,2%), өзін-өзі ұсынған – 578, әйелдердің үлесі – 349, жастардың үлесі – 243 қатысушыны құраған. Облыс бойынша бір орынға орта есеппен 3 адамнан тіркелген, - делінген хабарламада. 

Жалпы өңірде облыстық және жергілікті мәслихаттарда 246 орын бар. 

Ал 1-3 қазан аралығында өтетін дауыс беруге 45 180 партия мүшесі қатысады деп жоспарланған. Олар 261 бастауыш партия ұйымына бекітілген. Облыстың аудан, қалаларында 156 дауыс беру орны белгіленді. Оның ішінде 109 орында дауыс онлайн форматта, 47 орында дәстүрлі қағаз бюллетенімен беріледі. 

Облыс бойынша праймериздің қорытынды бөлімі аясында қарқынды жұмыс жүргізілуде. Дауыс беру 3 қазан сағат 14-00 де тоқтатылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы