Қостанай маңындағы бұлақтар ішуге жарамсыз болып шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай қаласының маңындағы бұлақтардың суы ішуге жарамсыз болып шықты. Экологтардың соңғы жүргізген тексерісі кезінде оның құрамында ауыр металл, фосфат, нитраттың көлемі 1,5 есе көп екені анықталды. 

Бұл туралы "Хабар24" арнасы хабарлады. Яғни зиянды заттар бауыр, бүйрек ауруларын асқындыруы мүмкін. Тобыл өзенінің айналасындағы бұлақ  суын жергілікті тұрғындар жиі тұтынады. Енді жер астынан шығатын қайнар көзі де ластана бастапты. Оған басты себеп саяжай қоқыстары мен бау-бақша химикаттары болып отыр.   

Бұлақ суын ішуге болмайтындығын, зиянды екендігі туралы  жергілікті атқарушы органдарды, санитарлық эпидемиологиялық  бақылау мекемесін бірнеше рет хабардар еттік. Енді олар қандай бір амал әрекеттер жасауы керек, - дейді сынақ зертханасының басшысы Айгүл Әбілтаева.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы