Қостанай көлік прокуратурасы салық төлеуден жалтарған 60 кәсіпкерді анықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай көлік прокуратурасы талдау барысында мемлекеттік кіріс органдарына өзінің тауар айналымы туралы мәліметтерді ұсынбаған, 53 млн теңгеден астам салық төлеуден жалтарған 60 кәсіпкерді анықтады.
Бас прокуратураны ресми сайтының хабарлауынша, бизнес субъектілері темір жол көлігімен тасымалдау бойынша қызметтерді пайдалана отырып, салық салынатын тауарларды сатқан.
Мысалы, облыс кәсіпорындарының бірі салық декларациясында 263 млн теңге сомасына астық өнімдерін сатқанын көрсетпеген. Нәтижесінде төленуі тиіс корпоративтік табыс салығының сомасы 21,9 млн теңгені құрады.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша кәсіпкерлер өздерінің салықтық міндеттемелерін толық көлемде орындады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қытайдан несие алу: Кешіктірген не төлемеген жағдайда Қазақстан тарапы күніне 46 млн теңге төлейді
Келесі жаңалық
Ұлттық банк коллекциялық монеталарды айналымға шығарады
Өзгелердің жаңалығы