Қостанай дәріханаларына 300 млн теңге бөлінді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов бұл туралы Instagram аккаунтындағы жеке парақшасында жазды.
Бүгін көтерме сауда фирмалары мен ірі дәріхана жүйелерінің басшыларымен кездестім. Кездесу барысында дәріхана жүйелеріне қайтарымды қаржылай көмек беру туралы шешім қабылдадық және бұл мақсатқа бірден 300 млн теңге бөлінді. Дәріханалар облыс тұрғындарын аса зәру дәрілермен қамтамасыз етуі тиіс. Бұлардың қатарына қызу түсіретін, вирусқа қарсы қолданылатын препараттар, сондай-ақ қан қоюлануын тежейтін антибиотиктер жатады. Дәріхана иелері қарызға берілген қаржыны ешбір өсімақысыз жыл соңына дейін қайтарып бере алады, - деп жазды Архимед Мұхамбетов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Дәрі-дәрмектерді үйінде жасырған фармацевт ұсталды
Өзгелердің жаңалығы