Қостанайға Түркістан облысынан 18 тонна қырыққабат жеткізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанайға Түркістан облысынан 18 тонна қырыққабат жеткізілді. «Birgemiz» акциясы аясында енді қырыққабат облыстың қала, аудандарында тұратын аз қамтылған отбасыларға таратылады.

Бұдан бұрын Түркістан облысы Мақтаарал ауданында орын алған жағдайға байланысты оңтүстіктегі жерлестерімізге жергілікті кәсіпорындар қолдауымен Nur Otan партиясының Қостанай облыстық филиалы 20 тонна ұн жіберген. Ұн тиелген жүк көлігі Мақтааралға дейін жетіп, сол жақтағы отандастарымызға таратылып берілді. Бүгін, міне, жүк көлігі Қостанай облысына келіп жетті. Оның үстіне бос келген жоқ. Сарыағаш ауданы Төңкеріс ауылынан көлікке Қостанай облысының аз қамтылған отбасылары үшін 18 тонна қырыққабат спонсорлық көмек арқасында алынып, жеткізілді, - делінген мәліметте.
 
Облыстық филиал волонтерлері қырыққабатты жүк көліктеріне тиеуге көмек көрсетті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы