Қосшы ауылының тұрғынынан коронавирус анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысында коронавирус жұқтырудың 6 оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
Коронавирус 1953 жылғы ер адамнан анықталды.Қосшы ауылында тұратын ол бұған дейін ауру адаммен тығыз байланыста болғандықтан, «Көкше» облыстық оңалту орталығының карантиндік стационарында жатқан. Емдеу шаралары науқастардың ауру белгілері және жалпы жағдайын ескеріліп, тиісті хаттамаға сәйкес жүргізіледі.
Қазіргі кезде облыстағы стационарларда 92 пациент жатыр. Инфекциондық – 4 пациент (АОПТД). провизорлық - 39 пациент. Карантиндік стационарларда 49 адам. Жалпы 434 адам бақылауда
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Өскемендік кәсіпкер коронавируспен күреске 200 млн теңге бөледі
Келесі жаңалық
Көкшетауда полицейлер тұрғындарды өрттен құтқарды
Өзгелердің жаңалығы