Өскенбаев: Елде Toyota зауытын ашу туралы келіссөздер жүргізіліп жатыр

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Брифинг барысында тілшілердің сауалына жауап берген министр елде танымал брендтің өкілдігі ашылуы мүмкіндігіне қатысты айтты. 

Toyota компаниясы – біздің елімізде ең танымал брендтердің бірі. Отандық өндірушілеріміз келіссөздер жүргізіп жатыр. Өйткені бизнес бизнеспен келіссөздер жүргізуі тиіс. Бұл мәселені бизнес-корпорациялар мемлекеттік органдармен талқыға салмайды деп ойлаймын. Себебі бұл тек техникалық мәселелер ғана. Оған қанша қаражат салынады, оның құзыреттілігі қандай, өтім нарығына олар қаншалықты дайын деген сынды сұрақтарды қамтиды. Қолдан келе ме, жоқ па, оны білмеймін, - деді ведомство басшысы.

Сонымен қатар ол атақты компания елде ашылса, не болатынына қатысты пікір білдірді.

Егер Toyota (бізде – ред.) ашылса, мемлекетіміздің ең күшті жетістіктерінің бірі болады, - деп атап өтті Қайырбек Өскенбаев. 

Еске сала кетейік, бұған дейін министр ұшақ рейстерінің неге жиі кешігетіні туралы айтқан болатын. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы