Өскемендік құтқарушылар жаңа автомұнарамен қамтылды

Өскемендік өрт сөндірушілерге жаңа автомұнара берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұрын қолда бар техникамен құтқарушылар тек 19 метрге дейін ғана көтеріле алатын. Ал заманауи авто-көтергіштің мүмкіндігі мол. 32 метрге дейін жететін бұл құралды 9 қабатты ғимаратта жүргізілетін операцияда емін-еркін қолдануға болады. Оның үстіне өте тиімді. Оны бір оператор бір тетікпен ғана басқарып, 1 минутта орната алады.

Жалпы облыстық төтенше жағдайлар департаменті қарамағында 8 автомұнара болса, оның жартысынан астамы ескірген. Өскеменде қала жоспарына сай, зәулім нысандар қатары көбеюі мүмкін.

Сондықтан болашақта, бұдан да биікке көтерілетін арнайы техника қажет, - дейді мамандар.

Айта кетсек, мұндай техниканың бағасы шамамен 500 млн теңге.

Бұл автосаты жоғарғы ғимараттардан және жоғарғы үйлерден адамдарды құтқаруға және өрт сөндіруге арналған. Қазіргі таңда Төтенше жағдай министрлігімен ауқымды жұмыс атқарылуда, біздің қаланың жоспары бойынша 16 этаждық үйлер бар, 16 этаждық үйлерге жаңадан автокөліктер сатып алуға бізге керек, - дейді ШҚО ТЖД бас маманы Аманжол Қизатов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы