Өскемендік құтқарушылар мейрамханадағы өртті оқшаулады

Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қ., Қазақстан көшесінде жеке тұрған бір қабатты мейрамхана ғимаратында өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өрт 06-53 сағ. оқшауланып, 07-49 толықтай сөндірілді. Өрттің аумағы анықталуда. Зардап шеккендер жоқ, - делінген ТЖМ таратқан ақпаратта.

Өрт орнында ТЖД жеке құрамнан 35 адам және 9 бірлік техника жұмылдырылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы