Өскемендік өрт сөндірушілер бес жасар баланың арманын орындады
Өскемен қаласының №8 өрт сөндіру бөліміне Алан Нұрлан деген баланың анасы хабарласып, баласының арманы туралы айтқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Туған күнінде баланың құтқарушыларда қонақта болғысы келетіндігін айтқан анасы бес жасар баласының арманын орындауды өтінді.
№8 ӨСБ-нің өрт сөндірушілері Аланның тілегін жүзеге асырды. Өрт сөндірушілер балаға заманауи өрт-құтқару техникасын көрсетіп, қызмет атқарып жүрген қарауылмен және жұмыс талаптарымен таныстырды. Бала жауынгерлік киім-кешекті киіп көрді. Өзінің бала кезіндегі арманының орындалғанына өте қуанышты болды, - деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Этнограф Наурыз мерекесінің тарихы мен дәстүрлері туралы айтты
Келесі жаңалық
Атырау тұрғынынан сібір жарасының белгісі анықталды
Өзгелердің жаңалығы