Өскемендік депутаттар спорт саласында қандай проблемаларды анықтады?

Өскемен қалалық мәслихатының депутаттары қаланың спорттық базасының қалай дамытылып жатқанын тексере келе, бірнеше проблемалық жайттарды анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Олардың арасында волейбол мен баскетбол алаңдарының жетіспеушілігі, "Алтай" стадионында жаттығу мен жарысқа арналған спортзалдың болмауы да бар.

Депутаттар проблемаларды анықтады, оларды жою арқылы спорт нысандарына келушілер қатарын арттырамыз. "Алтай" стадионында ашық волейбол және баскетбол, шағын футбол алаңдарын, футбол, баскетбол, волейбол, гандбол, регби, бадминтон, шайбалы хоккей және жеңіл атлетика бойынша жаттығулар мен жарыстарға арналған спорт залын салу қажет, – деп түсіндірді қалалық мәслихаттағы халық қалаулылары.

Altaynews сайтының мәліметінше, жабық стадионға арналған шағын алаңдардың бірін қайта құру "Восток" стадионында жүргізілуі керек. Ал Өскемен қаласы әкімдігінің бұқаралық спортты дамыту орталығында жылжымалы баскетбол қалқандарын орнату, қосалқы үй-жайларды, киім ауыстыратын бөлмелерді жөндеу қажет. Баскетбол алаңының қосымша қоршау торларын орнату және футбол алаңының қақпасын қалпына келтіру де күн тәртібінде тұр.

Депутаттардың айтуынша, қаланың спорттық базасындағы аталған проблемалардың оң шешімін табуын Әлеуметтік сала және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия бақылауға алған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: altaynews.kz
Өзгелердің жаңалығы