Өскемендегі жылу магистраліндегі жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр
Өскемен қаласындағы Жібек маталар комбинаты ықшам ауданында кеше жылу магистраліндегі құбыр жарылып, үйлер жылусыз қалған болатын, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазіргі уақытта оқиға орнында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Жібек маталар комбинаты ықшам ауданындағы жылу магистраліндегі апаттан 14 819 абонент жылусыз қалды.
Қазір сол жерде екі бригада ауысыммен жұмыс істеуде. Жөндеу жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр.
Барлық қажетті техника мен құрал-жабдықтар бар. Апат шыққан жерді анықтаған соң дереу дәнекерлеу жұмыстарына кірістік. Қазір даладағы ауа температурасы +1 градус, - дейді «Шығыс жылу» АҚ жылу энергиясын беру департаментінің директоры Асқар Оспанов.
Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының хабарлауынша, барлық жұмыс тәуліктің бірінші жартысында аяқталып, одан кейін үйлерге жылу беріледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Jibek Joly туристік пойызы Түркістанға келді
Өзгелердің жаңалығы