Өскемендегі жер сілкінісі: сиреналар неге кеш қосылды?

2025 жылғы 23 шілдеде Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінген кезде Өскемен қаласындағы дабыл жүйесі дүмпуден кейін шамамен 15 минут өткен соң ғана іске қосылды. BAQ.KZ тілшісі сиреналарың неге кеш қосылғанын сұрап, ТЖМ-ға сауал жолдады.

Төтенше жағдайлар қызметі бұл әрекеттің нақты себептерін түсіндірді.

Жер сілкінісі тіркелгеннен кейінгі алғашқы 7 минут ішінде нақтыланған сейсмикалық деректер алынды. Осы деректер негізінде "Баршаңыздың назарына!" дабыл сигналы іске қосылды. Қолданыстағы регламентке сәйкес, сиреналардың автоматты түрде қосылуы тек сейсмикалық күштілік 5,5 балл және одан жоғары болғанда көзделген. Аталған жағдайда жер сілкінісінің күші 4 балды құрады, ал эпицентрден арақашықтық – 80 шақырым болды. Соған қарамастан, оқиғаның сипатын, сондай-ақ мүмкін болатын қайталама дүмпулер мен афтершоктарды ескере отырып, сиреналар ақпараттық-профилактикалық мақсатта қосылды. Бұл халыққа жер сілкінісі кезінде өзін-өзі ұстау ережелерін еске салу үшін жасалды, - деді ТЖМ баспасаөз қызметі.

Еске сала кетейік, бүгін сағат 15:37-де Шығыс Қазақстан облысында магнитудасы 5,1 болатын жер сілкінісі тіркелді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы