10 Қазан 2021 2021, 12:35

Өскемендегі велотректе алғашқы жарыс өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс әкімінің тапсырмасымен салынған велотрек халықаралық стандарттар мен BMX жас олимпиадалық спорт түрінің талаптарына сай. 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс әкімінің тапсырмасымен салынған велотрек халықаралық стандарттар мен BMX жас олимпиадалық спорт түрінің талаптарына сай. Бүгін ол алғашқы маңызды сынақтан өткізілді, деп жазды Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар Facebook-тегі парақшасында.

Мұнда ВМХ бойынша ашық облыс чемпионаты ұйымдастырылды. Жарысқа Өскемен, Алматы, Талдықорған қалаларынан әр түрлі жас санатындағы спортшылар қатысты.

Спортшылар мен жаттықтырушылар жаңа алаңның сапасымен қатар турнирдің ұйымдастырылуына қатысты да өз пікірлерін айтып, жылы лебіздерімен бөлісті, - деп жазды ол.