Апатты жағдайда қонған ұшақта болғандардың аты-жөні белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұған дейін Өскеменде апатты жағдайда қонуға мәжбүр болған ұшақтың ішінде бес адамның болғаны хабарланған болатын.
Айта кетейік, Өскеменнен Ақсуатқа санитариялық тапсырмамен ұшып бара жатқан "Орлан-2000" әуе компаниясына тиесілі борттық нөмірі 0001 АН2 ұшағы апатты жағдайда қонуға мәжбүр болды. Оның ішінде 5 адам болды: 2 жолаушы және 3 экипаж мүшесі.
Бортта болғандардың аты-жөндері:
дәрігерлер - Асаубаев, Халитов.
экипаж - Шкулов, Шалыгин, Иванов.
Оқыс оқиға салдарынан ешқайсысы зардап шекпеген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Жетісуда алаяқтар азаяр емес
Өзгелердің жаңалығы