Өскемендегі трамвай паркі 60 жылда бірінші рет жөнделгелі жатыр

Қазір Қазақстанда үш қалада трамвай жүреді. Олар: Өскемен, Павлодар, Теміртау, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгінгі таңда Өскеменде іргетасы 1959 жылы қаланған трамвай ғимараты толық жөндеуді қажет етеді.

Уақыт әсері мен күтімнің жоқтығынан парк іші ылғалданып, апатты хәлге таяған. 2017 жылы жүк көтергіш қабырғасы құлаған болатын, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Трамвайлардың іркілмей жүруі үшін жұмысшыларға жағдай жасау өте маңызды. Бұл былайғы қала халқына байқалмауы да мүмкін. Бірақ өте маңызды! Биыл жөндеудің бірінші кезеңі басталды: 2508м2 шатыры жөнделеді, 75м3 кірпішке қабырға ішінара ауыстырылады, еден плиталары ішінара ауыстырылады, жаңа беткейлер орнатылады, екі қабатты терезелер жөнделеді, - деп атап өтті трамвай паркінің директоры Михаил Чайка.

Келесі жылы косметикалық жөндеу, душты жөндеу, механикалық-дайындау учаскесін және жоспарлы жөндеу цехын жаңарту, кәсіпорын қызметкерлері үшін фин саунасын салу жоспарда бар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: pixabay.com
Өзгелердің жаңалығы