Өскемендегі «Сергек» 130 млн айыппұл өндірді

Өскеменде «Сергектің» көмегімен 130 миллион теңгеден астам айыппұл өндірілді. Облыстық полиция департаменті «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешенінің 2022 жылғы жұмысын қорытындылады, деп хабарлайды BAQ.KZ Altaynews-ке сілтеме жасап.

Тәртіп сақшыларының деректеріне сүйенсек, өткен жылы облыс орталығында автоматты режимде 151 323 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген. Соның ішінде жол қауіпсіздігі бойынша 135 986 рет ереже бұзылған.

Сондай-ақ «Сергек» арқылы іздеу салынған 8 адам табылыпты.

Облыстық полиция департаменті 2023 жылы «Сергек» АӨК-ні Риддер мен Алтай қаласына орнатуды жоспарлап отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы