Өскеменде жылына 100 мың тонна қоқыс өңдейтін зауыт салынып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскеменде қоқыс сұрыптау зауытының құрылысы жалғасып жатыр. Бұл туралы Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар хабарлады.
Құрылыс қалада қоқысты бөлек жинаудың орталықтандырылған жүйесін енгізу шеңберінде жүзеге асырылады. Бұл бастама ӨКМ операторы ЖШС (Оператор РОП) және Өскемен қаласының әкімдігімен бірлесіп жүзеге асырылуда. Бұл жұмыстар жаз кезінде басталып, бүгінгі таңда оның көп бөлігі атқарылып қойды. Бетон жұмыстары толық аяқталды, ал металл құрылымдарының монтажы бойынша жұмыстардың жартысынан көбі орындалды, - деп жазды әкім өз парақшасында.
Сонымен қатар ұзындығы 4 шақырым болатын электр жабдықтау желісінің құрылысы жүргізіліп жатыр.
Қыркүйек айынан бері зауыттың аумағында Грециядан келген Sabo компаниясының мамандары жұмыс істеген болатын. Олар сұрыптау жүйесінің жабдықтарын монтаждады, бұл жұмыстарын зауыттың негізгі каркасы толық жабылғаннан кейін де жалғастырады. Қазіргі уақытта қалаға құрал-жабдықтардың көбі жеткізілді, енді конвейер мен сепаратордың құрамдас бөлшектері әкелінеді. Қоқысты сұрыптау кешенінің жоспарланған қуаты - жылына 100 мың тонна, - деді Жақсылық Омар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
«Әлеуметтік әмиян» арқылы тегін дәрі берілді
Өзгелердің жаңалығы