Өскеменде жеке үйдің шатыры өртенді
ТЖМ құтқарушылары Өскеменде өртті жойып, газ баллондарын қауіпсіз жерге шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қаладағы А. Попов көшесіндегі қараусыз қалған жеке үйдің шатыры өртенді. Келген жедел-өрт сөндіру қызметі 40 шаршы метр алаңдағы қызыл жалынды ауыздықтады
Барлау барысында өрт сөндірушілер жану аймағынан екі газ баллонын эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ, - делінген мәліметте.
ТЖМ тұрғындардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды, жағдайды өртке жеткізбеуді және бұзушылықтарды алдын ала жоюды сұрайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматы облысында халықаралық құсбегілер турнирі өтті
Өзгелердің жаңалығы