Өскеменде жедел жәрдем көлігі аударылып қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Сәтпаев даңғылында жедел жәрдем көлігі «TOYOTA» маркалы автокөлігімен соқтығысып, аударылып қалды, деп хабарлайды Altaynews.

Жол-көлік оқиғасы сағат 07:00 шамасында болған.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, жедел жәрдем көлігінің 29 жастағы жүргізушісі жол қиылысындағы бағдаршамның қызыл түсіне өтіп бара жатып, жол қозғалысындағы қауіпсіздікке мән бермеген. Салдарынан «TOYOTA» автокөлігімен соқтығысады. Зардап шеккендер тіркемелген.

Жедел жәрдем көлігінің жүргізушісіне қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 610-бабы бойынша хаттама толтырылды. Бұл бапта 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе алты айға дейін көлік жүргізу құқығынан айыру жазасы қарастырылған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы