Өскеменде жасөспірімді көлік қағып кетті

Өскеменде жасөспірімді көлік қағып кетті. Бұл туралы ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ПД мәліметінше, көлік қағып кеткен жасөспірім ауруханада қайтыс болған.

Оқиға 19 қыркүйек күні Тоғас көшесінде болған.

Lada Granta көлігінің жүргізушісі реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан 2005 жылғы жасөспірімді қағып кеткен. Ауыр жараланған ол шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалған, - деп жазылған ПД хабарламасында.

Адам өліміне себепкер болған көлік жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы