Өскеменде жәрмеңкелер өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскеменде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру үшін демалыс күндері жәрмеңке ұйымдастырылды, деп хабарлады Алтайньюс.
Көкпекті ауданының шаруалары Fresh-Market сауда орталығының жанында, ал Шемонайхадан келгендер Дос-Нар сауда үйінің жанында жәрмеңке өткізді.
Тұрғындар ауыл шаруашылық өнімдерін орташа нарықтық бағадан 15%-ға төмен сомада сатып алды. Барлық тауарлардың ветеринарлық құжаттары бар, – деп мәлімдеді қала әкімдігі.
Таңғы 07.00-ден басталған жәрмеңке 15.00-де тарқады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы