Өскеменде жалған нөмірмен жүрген көліктің 3 млн теңгеге жуық айыппұлы бары анықталды
Өскемен көшелерінде жалған нөмірмен жүрген көліктің 3 млн теңгеге жуық айыппұлы бары анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, жүргізуші 3 млн теңгеге жуық қаражатқа жол жүрісі қағидасын бұзған. 19 мамыр күні “Буран – 23” экипажы “Қорғау-Сергек” АБК базасы бойынша тексеру кезінде “Қауіпті жүргізуші” қосымшасы бойынша Lexus автомашинаны байқаған, ол жол жүрісі қағидасын бірнеше рет бұза отырып, Сәтпаев даңғылында жоғары жылдамдықпен жүрген.
Полицейлер аталған көлікке жалпы сомасы 2 млн 287 мың теңгеге 46 айыппұл салынғанын анықтады.
Сол күні тәртіп сақшылары ЖБО бейнебақылау камераларының көмегімен КШТ ауданындағы үйлердің бірінің ауласында мемлекеттік нөмірлері алынған автокөлікті тапқан.
Тексеру барысында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қаланың 29 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Т
ексеру кезінде азаматтың жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлері бар көлік құралын басқарғаны анықталды.
Жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 2, 3 және 4-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазіргі уақытта материал сотқа жолданды. Автокөлік арнайы айыптұраққа қойылды.