Өскеменде үшем дүниеге келді
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ШҚО филиалы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 9 жыл бойы бала сүйе алмай жүрген ерлі-зайыпты «Аңсаған сәби» бағдарламасының арқасында үшемнің әке-шешесі атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
«Өскемен қаласының тұрғыны Жансая Ахмадиева аталған бағдарламаға өтінім беріп, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан бөлінген квота есебінен ЭКҰ жасатты. Бәрі ойдағыдай болып, әйел үшем туды. Оның екеуі ұл, біреуі қыз, - делінген ақпаратта.
Ата-анасы балаларына Ералы, Ерасыл, Зере деп ат қойған. Бүгінде әйел перзентханадан шығуға дайындалуда.
Ұлдарым қазірдің өзінде мінездерін, еркеліктерін көрсетіп жатыр. Ал қызым маған тартқан секілді, ұйқысы тыныш, сабырлы, - дейді Жансая Ахмадиева.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Әлихан Смайылов UNFPA атқарушы директорымен кездесті
Келесі жаңалық
Ұлттық банк коллекциялық монеталарды айналымға шығарады
Өзгелердің жаңалығы