Өскеменде үш жүргізуші көліктерін заңсыз өзгерткені үшін жазаланды
Полиция көлік конструкциясына өзгеріс енгізу тиісті тәртіппен және уәкілетті органдардың рұқсатымен ғана жүргізілуі керектігін ескертеді.
Шығыс Қазақстан облысында полиция көліктерді тиісті рұқсатсыз қайта жабдықтаудың үш фактісін анықтады.
Өскемен қаласын патрульдеу кезінде Шәкәрім даңғылында 23 жастағы Lexus GS 300 жүргізушісі тоқтатылған. Көлікке рұқсатсыз Bi-LED жарықшамдары орнатылғаны анықталды.
Тағы екі жағдай Республика алаңында тіркелді. Полиция Lada және ВАЗ автокөліктерін тоқтатқан. 19 және 20 жастағы жүргізушілер көлік конструкциясына заңсыз өзгеріс енгізген. Бір көлікке төмендетілген серіппе орнатылса, екіншісінің биіктігі өзгертілген.
Жүргізушілер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабы 7-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды. Бұл бап бойынша 15 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған.
Полиция көлік конструкциясына өзгеріс енгізу тиісті тәртіппен және уәкілетті органдардың рұқсатымен ғана жүргізілуі керектігін ескертеді.