Өскеменде тұрғын үйдің ауласын су басты
Шамамен сағат 00:16-да Өскемен қаласы, Ахмер кенті, Саламат көшесіндегі тұрғын үйдің ауласын су басты, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға орнына ШҚО ТЖД және Өскемен қаласы ТЖД басшылығы, қала әкімінің орынбасары, ТКШ, аумақтық басқару орталығы, "Таза Өскемен" ЖШС жедел келіп жетті.
Мамандар жергілікті атқарушы органдардың күшімен 8 адам мен 5 бірлік техниканы жұмылдыра отырып, еріген суды бұру жұмыстарын жедел ұйымдастырды.
Зардап шеккендер жоқ. Үйді су басу қаупі жоқ. Жұмыстар таңғы 4:40-та аяқталды, - деп хабарлайды Өскемен қаласы ТЖД басшылығы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақ қыздарының есімдері көбіне сауда-экономикалық маңызы бар атаулармен байланысты
Келесі жаңалық
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы