Өскеменде тұрғын үйден өрт шықты
Өскемен қаласында Назарбаев даңғылы бойындағы көпқабатты үйдің 3-қабатындағы кіреберісте электрқалқаннан өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ТЖМ мәліметінше, оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер баспалдақ арқылы арнайы құтқару құрылғыларын пайдаланған.
Түтін арасынан 2 адам құтқарылып, тағы 6 адам, соның ішінде 1 бала эвакуацияланды, - деп атап өтті ведомстводан.
Өрт толықтай сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті
Өзгелердің жаңалығы