27 Қыркүйек 2026, 14:49
Фото: istockphoto.com
Өскеменде тұрғын үйдегі пәтер өртенді
Өрт кезінде 10 адам эвакуацияланып, бір адам құтқарылды.
Өскеменде Серікбаев көшесінде тоғыз қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатындағы пәтерден өрт шықты.
Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері оқиға орнына келгеннен кейін баспалдақ арқылы үйден 10 адам эвакуацияланды. Ал автосатының көмегімен пәтерден бір адам құтқарылды.
Өрт шағын аумақта сөндірілді.
1975 жылы туған ер адамды ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері тексеріп, медициналық мекемеге жеткізу үшін алып кетті.
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.