11 Шілде 2026, 17:17 Фото: pixabay.com

Өскеменде тұрғын үй өртенді

Оқиға орнына өрт сөндірушілер жедел жетіп, жалынның таралуына жол бермеді.

Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында Гагарин бульварындағы бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерде өрт шықты.

Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер қатты түтін басқан кіреберістен құтқару қалпақтарының көмегімен 15 тұрғынды, оның ішінде үш баланы эвакуациялады.

Өрт 45 шаршы метр аумақта толық сөндірілді.

Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарды өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға және төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне дереу хабарласуға шақырды.