Өскеменде тіркемелері бар көлік құралдарына шектеу енгізіледі

Өскеменде ауа райының күрт нашарлауына байланысты Защита жол өтпесінде бірқатар көлік құралдарының қозғалысына шектеу енгізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

1 қарашадан бастап аталған жол учаскесіне тиісті белгілер орнатылады. Бұл туралы Altaynews жазды.

Естеріңізге сала кетейік, синоптиктердің болжамына сүйенсек, алдағы күндері өңірде күн суытып, қар жауады.

Облыс орталығындағы Защита жол өтпесінде тіркемелері (жартылай тіркемелері) бар көлік құралдарының қозғалысы үшін уақытша шектеулер енгізілетінін де хабарлаймыз. 1 қарашада тиісті белгілер орнатылады, - дейді ШҚО ПД жол-техникалық инспекциясы бөлімінің бастығы Сергей Коваленко.

Сондай-ақ тәртіп сақшылары жүргізушілерге қысқы кезеңге дайындалып, дөңгелектерін ауыстыру керектігін ескертті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы