31 Тамыз 2021 2021, 09:13
Өскеменде терроризмге қарсы жаттығу өткізіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Өскемен қаласында терроризмге қарсы жаттығу өткізіледі.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Өскемен қаласында терроризмге қарсы жаттығу өткізіледі. Бұл туралы Терроризмге қарсы жедел штаб хабарлады.
Оқу-жаттығу барысында террористік тұрғыдан осал объектілерде террористік жағдайдың өрбуіне байланысты жедел қимылдау шаралары пысықталады, - делінген хабарламада.Сонымен қатар бірқатар шектеу шарасы, соның ішінде көлік құралдарының қозғалысындағы шектеулер қарастырылған.
Өскемен қаласы тұрғындарын уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдардың заңды талаптарын сақтауға шақырамыз, - делінген хабарламада.