Өскеменде терезеден секірмек болған зейнеткер құтқарылды

Өскеменде терезедн секірмек болған әйел адам құтқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, 112 пультіне Өскемен қаласы Әл-Фараби көшесі бойындағы үйлердің бірінде 1955 жылы туған әйел терезеден секіргісі келетіндігі туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына дереу құтқарушылар, психолог Дина Тоқтарханова және жедел жәрдем қызметкерлері барды. Психолог тұрғынмен байланыс тауып, тыңдап, қолдау көрсетіп, шұғыл жағдайдың алдын алды, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Құтқарушылар үйлесімді және жедел әрекеттерінің арқасында адам өмірін сақтап қалды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Өзгелердің жаңалығы