Өскеменде темекі шеккен 700 адам жауапқа тартылды

Облыс орталығында қоғамдық орындарда темекі шеккен жеті жүзден астам адам жауапқа тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Altaynews-ке сілтеме жасап.

2022 жылы Өскеменде қоғамдық орындарда темекі шеккен 705 адам ӘҚБтК-нің 441-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп мәлімдеді облыстық полиция департаменті.

Қоғамдық орындар дегеніміз – тұрғындар демалатын, тұрғындарға қызмет көрсетілетін және түрлі іс-шаралар өткізілетін жалпыға ортақ орындар.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы