Өскеменде суару құбырларының 89%-ы ауыстырылады
Өскеменде гүлзарларды гүл отырғызуға дайындау жұмыстары басталып кетті. Қаладағы бірнеше учаскеде топырақ ауыстырылып, суару жүйесі жаңартылмақ, деп хабарлайды BAQ.KZ Altaynews-ке сілтеме жасап.
Жердің тоңы еріп, күн жылына бере қала әкімдігі де қаланы абаттандыру, көркейту жұмыстарына дайындықты бастап кетті. Қала әкімінің хабарлауынша, көктем мезгілінде ағымдағы күтім бойынша көп жұмыс атқару жоспарланған. Біржылдық гүлдерді отырғызуға арналған гүлзарларды алдын ала әзірлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар, биыл 19 учаскеде топырақ ауыстырылып, суару жүйесі де жаңартылады екен. Алдағы уақытта қала аумағындағы суару құбырларының жалпы ұзындығының 89%-ын ауыстыру бойынша жұмыс жоспарланған.
Қазірдің өзінде Нұрмағамбетов көшесінің тұсында Үлбі көпірінің алдындағы учаскеде жұмыс жүріп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
44 мыңнан астам қазақстандық SKILLS ENBEK платформасында оқыды
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы