Өскеменде қоғамдық көліктер тексеріледі
Өскеменде 20 ақпанда «Қауіпсіз жол» жедел шарасы басталды. Іс-шара 24 ақпанға дейін жалғасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Полиция қызметкерлері осы уақыт аралығында қаладағы қоғамдық көліктерді де тексереді. Бұл туралы Altaynews жазды.
Жалпы іс-шараның мақсаты жол апаттарының алдын-алу, қауіпсіздікті арттыру және қозғалыс ережелерінің сақталуын қадағалау.
Жол-техникалық инспекциясы бөлімінің қызметкерлері іс-шара аясында автобустардың техникалық жағдайын, жабдықтардың түгелдігін, құжаттаманың дұрыс-бұрыстығын, техникалық регламенттерде және ұлттық стандарттарда белгіленген нормалардың сақталуын қадағалайды.
Сондай-ақ олар облыстық экология департаментінің өкілдерімен бірлесіп соңғы автобус аялдамаларында рейд жүргізеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Қысқы балық аулау. Ондаған азамат жауапкершілікке тартылды
Өзгелердің жаңалығы