Өскеменде "Қазақстанды дамыту үшін бейбіт атом" тақырыбында сараптамалық талқылау өтті

Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті «Қазақстанды дамыту үшін бейбіт атом: Қазақстан Республикасына атом энергетикасының жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында сараптамалық талқылау өткізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жыл сайынғы Жолдауында АЭС құрылысы жөніндегі референдумның өткізілетін күнін – осы жылдың 6 қазанында жариялады. ШҚТУ базасында «Қазақстанды дамыту үшін бейбіт атом» тақырыбында талқылауға қатысу үшін атом энергетикасы және тұрақты даму саласындағы сарапшылар жиналады.

Іс-шара барысында Қазақстанның ұзақ мерзімді даму мақсаттарына жету үшін бейбіт атомды пайдалану мүмкіндіктерін қарастырып, климаттың жаһандық өзгеруі және неғұрлым таза энергия көздеріне көшу қажеттілігі тұрғысынан атом энергетикасының әлеуетін экономикалық тұрақты өсу мен энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін талқыланды.

Сарапшылар әлемдегі атом энергетикасының қазіргі жағдайы мен Қазақстан үшін атом энергетикасының даму перспективалары, радиациялық қауіпсіздік және атом энергетикасы, ядролық ғылым мен технологиялар үшін кадрларды даярлау және адами ресурстарды дамыту мәселелерін талқылады.

ШҚТУ атынан, Сәулет және құрылыс мектебінің деканы Акаев А.М.; PhD, VERITAS үздіксіз білім беру орталығының жетекшісі Кожахметов Е.А.; экология және тіршілік қауіпсіздігі саласындағы құзыреттілік орталығының ғылыми қызметкері Тоқтағанов Т.Ш спикерлер ретінде сөз сөйлеп PhD, пікірлерін айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Шығыс Қазақстан техникалық университеті
Өзгелердің жаңалығы