Өскеменде қабағына ота жасатпақ болған әйел көз жұмды

Өскемен қаласының тұрғыны блефаропластика операциясынан кейін қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

YK-news.kz сайтының мәліметінше, Өскемен қаласының соты косметологтің көмекшісіне қатысты үкім шығарды. Ол қаладағы салондардың бірінде блефаропластика жасатпақ болған әйелге дәрі еккен. Салдарынан салон клиенті көз жұмған. 

Сот таратқан ақпаратқа сәйкес сотталушы клиенттердің біріне блефаропластика (адамның қабағынан артық теріні алып тастау үшін жасалатын операция) жасау кезінде көмекші болуға келіскен. Отадан кейін косметолог көмекшісіне дәрі егуді өтінген. Себебі клиенттің беті ісіне бастаған.

Медициналық қызметпен айналысуға лицензиясы болмаса да, А. есімді азаматша салон клиентіне сынама ретінде лидокаин қосылған цефтриаксон еккен. Медициналық процедурадан кейін әйелдің жағдайы нашарлап кеткен, - делінген соттың хабарламасында. 

Зардап шеккен әйел дереу медициналық орталыққа жеткізілді. Дегенмен оны құтқару мүмкін болмады. 

Медициналық қызметпен заңсыз айналысқан косметологтің көмекшісі 2,5 жылға сотталды. Сондай-ақ ол 3 жылға медициналық қызметпен айналысу құқығынан айырылды. Сот әкімі әлі күшіне енбеді. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ - архив
Өзгелердің жаңалығы