Өскеменде полицейлер көпбалалы отбасына көмір мен отын алуға көмектесті
Өскеменде полицейлер көпбалалы отбасына көмір мен отын алуға көмек көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
ШҚО Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері Филлиповтар отбасының жағдайын біліп, бей-жай қала алмады. Александр Александрович кәмелетке толмаған төрт баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отыр, олар күзетілетін гараж кооперативті уй-жайда тұрады, отбасының жағдайлары өте ауыр.
Сондықтан Тәуелсіздік күні мен Жаңа жыл мерекесі қарсаңында ШҚО ПД ӘПБ қызметкерлерімен ерікті түрде материалдық көмек көрсетті.
Тәртіп сақшылары отбасына көмір, отын, бірнеше жұп қысқы аяқ киім мен қолғап сатып алып, балаларға жаңа жылға тәттілер табыстап, жүздеріне күлкімен қуаныш сыйлады. Өз кезегінде көпбалалы әке полиция қызметкерлеріне үлкен алғысын білдірді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қарағанды хайуанаттар бағына амур жолбарысы сыйға тартылды
Келесі жаңалық
Израиль премьер-министрін қамауға алу туралы ордер берілді
Өзгелердің жаңалығы