Өскеменде өрттен бір адам қайтыс болды
Өскеменде бесқабатты үйдің пәтері өртеніп, ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, тілсіз жау Бажов көшесі бойындағы бесқабатты тұрғын үйдің үшінші қабатынан шыққан.
Өрттің ауданы 13 шаршы метрді құрады. Өрт орнында жану өнімдерімен уланған белгілері бар және денесің күйік шалып, қайтыс болған 1986 жылы туған тұрғынның денесі табылды. Алдын ала болжам бойынша өрттің себебі – отты абайсыз пайдалану, - делінген ведомствоның хабарламасында.
Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 9 адам жəне 3 техника жұмылдырылды.
Бұған дейін өрт сөндірушілер Семей қаласында жанып жатқан пәтерден әйелді құтқарған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елімізде ММА-дан халықаралық түрнир өтеді
Келесі жаңалық
Бірнеше өңірлерде дауылды ескерту жарияланды
Өзгелердің жаңалығы