Бүгiн 2026, 08:54
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Өскеменде өрт сөндірушілер жарылыстың алдын алды
Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Өскемен қаласында Қазақстан көшесінде орналасқан бір қабатты дүкен ғимаратында өрт шықты. Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер тілсіз жауды дер кезінде оқшаулап, оның кең таралуына жол бермеді. Өрттің жалпы аумағы 15 шаршы метрді құраған.
Өртті сөндіру кезінде құтқарушылар қауіпті аймақтан газ баллонын алып шығып, ықтимал жарылыстың алдын алды. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Төтенше жағдайлар министрлігі кәсіпкерлерге сауда орындарында өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтаудың маңызын еске салды.