Өскемендегі өрт пойыз көмегімен сөндірілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Құтқарушылар өрт шарпыған құрғақ шөпті сөндіру үшін «Защита» теміржол станциясында орналасқан «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ өрт сөндіру пойызын жұмылдырды, деп хабарлады облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

27 сәуірде Өскемен қаласында Ертіс өзенінің сол жағалауында құрғақ шөп жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. От лезде желдің салдарынан жетуі қиын аумақты шарпып кетті. 

Өрт ошағына жедел жету үшін өрт сөндірушілер жеке құрамды жеткізу үшін қайықтарды іске қосты. Олар өрт сөндіру автомобильдерінен басқа, қаққыштар мен аспалы орман өрт сөндіргіштерінің көмегімен өртті сөндірді.

Құтқарушылар қосымша күш ретінде «Защита» станциясында орналасқан «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ өрт сөндіру пойызын жұмылдырды. Олар ШҚО ТЖД құтқарушыларымен қатар отпен шайқасқа түсті. Өзара іс-қимыл мен бірлескен күш-жігердің арқасында өрт 30 гектар алаңда толығымен жойылды, - делінген хабарламада.

Оқиға орнында барлығы бес техника, екі қайық және ШҚО ТЖД жеке құрамының 24 адамы, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ өрт сөндіру пойызы 11 адам жеке құрамымен жұмыс істеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы